Өлең, жыр, ақындар

Өзгеріс жоқ менің байтақ жерімде

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 127
Өзгеріс жоқ менің байтақ жерімде,
Сау-саламат туып-өскен жерімде.
Болмағандай Шыңғысхан мен Батихан,
Болмағандай Ескендір де, Темір де.
Қалпында тұр өзен, көлім, тауларым,
Жайқалып тұр жасыл бақша, бауларым.
Ойран салған қасиетті жеріме,
Қайда сенің, қайда менің жауларым.
Шұбырынды ақ табан да болмаған,
Халық та жоқ қашып-пысып сорлаған.
Көрінбейді Қаратаудан асқан көш,
«Елім-ай!» – деп неге бірақ толғанам.
Ұмыт болды не бір хандық, патшалық,
Ғайып болды ғимарат та, тас та ағып.
Неге бірақ естен шықпай сол бір ән,
Айтқан сайын кетер көзден жас тамып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқысыз өтті сан түндер

  • 0
  • 0

Ұйқысыз өтті сан түндер сарғайып өтіп сары таң,
Ойлардан шығар ормандай арса-арса болып арысам.
Зымырап, жалған дүние сен қанша жүйрік болсаң да,
Арманға толы жүрекпен ақтық дем алып жарысам.

Толық

Дауыс бер, халқым, ұлыңа

  • 0
  • 0

Дауыс бер, халқым, ұлыңды наза етпегін,
Бірлігің болса арманды күнге жеткенің.
Алауыз болсаң алақан жайып қаласың,
Даналар сөзі, бұл – сөзім емес тек менің.

Толық

Туған күнім аталмады

  • 0
  • 0

Ешқашан туған күнім аталмады,
Дәм-тұзды досым келіп тата алмады.
Болмады бірде үйім, бірде күйім,
Жандай-ақ жалғыз қалған жапандағы.

Толық

Қарап көріңіз