Өлең, жыр, ақындар

Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 117
Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес,
Ойлардың да ойлары бар жемісті.
Той дегеннің бәрі бірдей той емес,
Тойлардың да тойлары бар келісті.
Тұяқтының бәрі бірдей тұлпар ма?
Тұлпарды да таны мыңның іщінен.
Қанаттының бәрі бірдей сұнқар ма,
Сұнқарды да айыра біл түсінен.
Жігіттердің бәрі бірдей демегін,
Жігіттер бар өткірлігі алдаспан.
Тас біткеннің бәрі бірдей демегін,
Кейбір тасың берік тіпті алмастан.
Бір тәуліктің күндізі бар, түні бар,
Түні болмай, күні оның шықпайды.
Мінсіз деген нәрсенің де міні бар,
Кейбір жандар осыны да ұқпайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болмысы жаман адамның

  • 0
  • 0

Болмысы жаман адамның,
Жақсылығы жоқ, жалынба.
Маңсаптың құлы наданның,
Маңына бар ма, табынба.

Толық

Сәкен Иманасовқа

  • 0
  • 0

Сәкен ақын, құрдасым, ақындығың ғажайып,
Ғажайыпқа бүгін күн арнап өлең жазайын.
Ақындарға серілік тұрушы еді жарасып,
Серілігің алпыста кеткендей ме азайып?

Толық

Жандарыңды жайсаңдар бір жаздырып

  • 0
  • 0

Жандарыңды жайсаңдар бір жаздырып,
Бар-жоғыммен кетейін риза қылып.
Мені өмір басында жаратыпты,
Жоқтан бар қып, жомарт қып, мырза қылып.

Толық

Қарап көріңіз