Өлең, жыр, ақындар

Туған жер, айналайын, Қызылжарым

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 146
Туған жер, айналайын, Қызылжарым,
Өзіңсің өзектегі жырым да әнім.
Қия алмай жыл құсындай қайтып барам,
Бұйырар енді қашан тұзың-дәмің?
Ақ сағым ақ шәлің боп желпілдейді,
Жанарда бір тамшы жас мөлтілдейді.
Ыстығы-ай туған жердің, адам түгіл,
Аң, құс та жат өлкені жерсінбейді.
Төсіңде ізім қалды шиырлаған,
Жарысып жүйрік мініп құйындаған.
Өмірлік сені арқалап өтер едім,
Құшаққа сыяр болсаң, қиыр далам.
Жетісу – бабам туған мекен екен,
Суы бал, жемістері шекер екен.
Болса да жер жәннаты, саған бірақ,
Теңеуім басқа жерді бекер екен.
Шықпадың түсімнен де,
Есімнен де.
Кіндіктен қан тамған жер кесілгенде,
Қонды ұшып Алатауға балапаның,
Самға деп өсірдің ғой, өсіргенде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Барымды айдап, тасып

  • 0
  • 0

Барымды айдап, тасып қалың малдай,
Жалбақтап жүрсем дағы жаным қалмай.
Жақпадым кейде жақын тартқаныма,
Бейне бір кіріптар боп табылғандай.

Толық

Арманым жоқ

  • 0
  • 0

Тәуелсіздікке тағзым етіп бүгілдім,
Тыныштығы үшін көрген күнімнің.
Тыныштығы үшін сүмбіл түнімнің.
Ай мүйізді, ашатұяқ құдайы,

Толық

Естімесем шырылын

  • 0
  • 0

Естімесем шырылын,
Шегірткенің шөлдегі.
Естімесем құрылын,
Құрбақаның көлдегі.

Толық

Қарап көріңіз