Өлең, жыр, ақындар

Сен үшін бір ту бие сояр едім

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 89
Сен үшін бір ту бие сояр едім,
Алдыңа жал-жаясын қояр едім.
Мен қазір шаршаңқырап жүрген жанмын,
Тірліктің кетіре алмай оябы-ебін.
Жаюлы келем десең, дастарқаным,
Ақ адал ниетіммен ас тартамын.
Бабамның жол-жобасын жасау үшін,
Алдыңа базардан ап кеп бас тартамын.
«Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар»,
Десе де жоқ емеспін сорым қайнар.
Қиялда көксегені болып кімнің,
Алдырмас алтайысы жолында ойнар.
Барыммен ажарлымын, базарлымын,
Бақытым бастан таймас – жазар жырым.
Несібем – берекесі от басымның,
Күні жоқ қайнамаған қазанымның.
Қазақтың тән қасиет баласына,
Халқымның пейілім тартқан даласына.
Қонақсыз ішкен асым бойға сіңбес,
Күн салып келмей қалса арасына.
Сен үшін бір ту бие сояр едім,
Шекесін алдыңа әкеп қояр едім.
Қарбытып қазы-қарта асамай-ақ,
Алдымен пейіліме тояр едің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асуын бердің Құлжаның

  • 0
  • 0

Асуын бердің Құлжаның,
Ырғағын бердің Біржанның.
Пейілімді туа тарылтпай,
Пейілін бердің мырзаның,

Толық

Барды барға теңегін

  • 0
  • 0

Барды – барға,
Нарды нарға теңегін.
Көтермейді қайық жүгін кеменің.
Ақылдымен бір туса да ақымақ,

Толық

Жомарттық

  • 0
  • 0

Ақын боп жаралыппын,
Өмірді аялауға.
Жерімнен нәр алыппын,
Елімнен аямауға.

Толық

Қарап көріңіз