Өлең, жыр, ақындар

Шоқтығы кездей қазан ат

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 65
Шоқтығы кездей қазан ат,
Шашасын шаңға шалдырмас.
Жақсыдан туған азамат,
Жолдасын жауға қалдырмас.
Жабыны жемге тойғызсаң,
Үстіне жабу салдырмас.
Жаманмен жүріп жантайсаң
Отыңды үрлеп жандырмас.
Сараңнан сұрап ішкен су,
Сусыныңды қандырмас.
Мейірімсізге күн түссе,
Түртпектеп тыным алдырмас.
Тұлпарлар жабу астында,
Жабылар көзге түсіп жүр.
Замана толқын тасқынға,
Шыдамай біреу ішіп жүр.
Талқыға түсіп тағдыры,
Өмірден біреу күйіп жүр.
Кемеңгер небір бастарда,
Ғаламат ойлар пісіп жүр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағындым жуа терген құм шағылды

  • 0
  • 0

Сағындым жуа терген құм шағылды,
Сағындым жұпар иіс жусанынды.
Сағынып сені мендей тебіренбес,
Ақын ғып тағы да анам туса да ұлды.

Толық

Тәтті екен күндер

  • 0
  • 0

Толғана берем, толғану үшін жаралғам,
Толғанту үшін жеткізбей кеткен сан арман.
Үмітті үрлеп жылт еткен түнгі оттардай,
Тәтті екен күндер қиялға қайта оралған.

Толық

Шексіз қиялым-ай, шексіз ғаламды шарлаған

  • 0
  • 0

Шексіз қиялым-ай, шексіз ғаламды шарлаған,
Тіршілік тозаңы болып тұңғиығыңда қарманам.
Жансыздарға әр беріп, жандыларға нәр берген,
Құдіретіңе, бір Алла, басымды иіп таң қалам.

Толық

Қарап көріңіз