Өлең, жыр, ақындар

Тамсанып, таңғалмағын сұлуларға

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 75
Тамсанып, таңғалмағын сұлуларға,
Жаныңда, жанарыңда жылу бар ма?
Сұлуға жылуы жоқ тағдыр қосса,
Тауқымет тартар, татар уың да алда.
Ару бар шайдай ашық ажары аспан,
Жайдарлы жанарынан шуақ шашқан.
Сөзі бал, үні самал тебірентер,
Жаралған жан болсаң да қара тастан.
Сұлу бар тәкаппарлау аққу мүсін,
Пұлдамас мойнын бұрып көркі-түсін.
Былғамас ар төсегін, жар төсегін,
Арысы, абыройы намысы үшін.
Сұлудың қызықпа тек тұлғасына,
Сұлудың қызықпа құр басына.
Болмаса жан шуағы ар, ұяты,
Сұлуды ап шыға алмайсың шың басына.
Өтпес пышақ, жаман ат, жаман қатын,
Осы үшеу-ақ жігітті қор қылатын.
Асыл жар, арғымақ ат, алмас қылыш,
Ер басын осы үшеуі зор қылатын,
Абыройын асырып, асқақтатып,
Ырысын, несібесін мол қылатын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жоқ деме

  • 0
  • 0

Жоқ болса да «бар» дегін, бар дегендер оңалар,
Бар боп тұрып «жоқ» деме, жоқ дегендер жоғалар.
Кім келсе де түнермей тұз-дәміңді татырғын,
Түгі де жоқ, үні жоқ обалар мен молалар.

Толық

Бірдей емес барлық бейне

  • 0
  • 0

Бірдей емес барлық бейне, мүсін де,
Бірдей емес екі қолда күшің де.
Бірдей емес бір сәттегі қозғалыс,
Бірдей емес бір сәттегі ісің де.

Толық

Ассалаумағалейкум!

  • 0
  • 0

Ассалаумағалейкум!
Кемеңгер аға, кең аға, керілген кербез даламдай,
Атағы, даңқы – тарих, қаһарман қала, қамалдай.
Алатау едің алдымда, сүйеніш тірек таба алмай,

Толық

Қарап көріңіз