Өлең, жыр, ақындар

Тәңірім сүйген Таразым

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 85
Тағзым ғып келдім, Таразым, бабаларымның мекені,
Он сегіз мың ғаламда өзіне не жетеді.
Тәу етіп тұрмын, Таразым, ата-анам туған бақ мекен,
Ата-ана мейірім иісіндей далаңнан самал еседі.
Жастығым түссе есіме жарқылдап жүрген кешегі,
Жанарда жасым жауһардай мөлтілдеп кейде кетеді.
Тәңірім сүйген Таразым, даналарымның мекені,
Шежіренді шертуге жыл емес, ғасыр кетеді.
Тарихы тағлым Таразым, дараларымның мекені,
Атымен дара данаңның мәртебем дәйім өседі.
Арыстан жүрек айбарлы ағаларымның мекені,
Көзіндей көріп қараймын өздерің жүрген көшені.
Жалғаған жарық сәуледей шығыс пен батыс арасын,
Бойында жібек жолының әлемге аян қаласың.
Құрғамас күре тамырың – арналы асау Таласың,
Абат бақ етті Жамбылдың көз жетпес дарқан даласын.
Екі мың жылдық тойыңның құрметі үшін ұрпағын,
Мінгізді мәңгі тұлпарға Бәйдібек ұлы бабасын.
Назары сенде тағы да, назары бүгін әлемнің,
Асқақ ән болып шырқалып аузында жүрсін бар елдің.
Шын ақын болсам тербетіп жеті қат жердің қойнауын,
Жыр етіп саған жеткізем аруақ баба сәлемін.
Көркіне бүгін көз тоймас, шежірең қанша шертпеген,
Тарихы терең Таразым басынан не күн өтпеген.
Ойраттар талай ойран сап, қиқулап қытай беттеген,
Орыстар атып отты оғын шарпыды алау өртпенен.
Сауыттан оғы өтсе де жүрекке бірақ жетпеген,
Бәйдібек баба алдында – басымды иіп, Таразым,
Арыңды ту ғып өтуге арнадым саған сертті өлең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақандай сері жоқ па?

  • 0
  • 0

Ақандай сері жоқ па ән салатұғын,
Ат жоқ па Құлагердей шабатұғын.
Құлагер десе қысып тақымымды,
Әнінен болдым ауру табатұғын.

Толық

Өз бағымды берер ем

  • 0
  • 0

Адамға тән жақсылықтың барлығын,
Беріп маған, берсе әлемнің жарлығын.
Ең алдымен мұңын мұңдап, мұқтажын
Өтер едім кемтар менен жарлының.

Толық

Жаңа жылға тілек

  • 0
  • 0

Тілек бар саған айтар, Жаңа жылым,
Жаңа жыл белесінде жаңа жырым.
Аспандап енді-енді барады үнім,
Айтпастан саған бүгін тілектерін,

Толық

Қарап көріңіз