Өлең, жыр, ақындар

Теңіздей басым шуылдап

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 68
Теңіздей басым шуылдап, толқындай тулар жүрегім.
Он сегіз мың ғаламды жүргендей тербеп бір өзім.
Баласы түгіл адамның әлемде барлық жандыға.
Амандық, саулық, жақсылық бір Алладан тіледім.
Адамзат, аң, құс, пері мен диюлардың патшасы.
Пайғамбарым, Сүлеймен, мен соншалық кім едім?
Алла деген ақынмын, аптығым, отым басылған.
Адалдық, шындық жолында бас тігіп өстім жасымнан.
Жандыға зәбір бергем жоқ, жұбатып жетім-жесірге.
Орын беріп қасымнан, бөлістім ішер асымнан.
«Көгерсін деген көсегең», көп ап ем көптің батасын.
Он екі бала өсіріп, ризығын тердім шашылған.
Ала жібін ешкімнің аттатпадым біріне,
Шүкірлік еттік Алланың көрсеткен әрбір күніне.
Дақ түсірген бірі жоқ Ата жол, әдет-ғұрпыма.
Адал боп өсті халқыма, адал боп ана тіліне.
Қыздарым қонды қияға, ұлдарым ұяға,
Кішіге – аға, үлкенге бола да білді іні де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамдығын өзінің түсінбеген

  • 0
  • 0

Адамдығын өзінің түсінбеген,
Кім сөйлесер түйсіксіз кісіңменен.
Ұлыққа да айтамыз кішік бол деп,
Болмай жатып қорқамын ісінгеннен.

Толық

Ақбоз атты батыр

  • 0
  • 0

Астан-кестен от жалын жер мен көктің арасы,
Не боп кеткен Ресей, қайда қала, даласы?
Өлі дене жол бойы, бода-бода босқындар,
Қанталаған үрейден көздерінен шарасы.

Толық

Сырластым жалпақ елмен де

  • 0
  • 0

Сырластым жалпақ елмен де,
Сырластым жаннат жермен де.
Сұрапыл дауыл, селмен де,
Жібектей жұмсақ желмен де.

Толық

Қарап көріңіз