Өлең, жыр, ақындар

Адамдығын өзінің түсінбеген

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 49
Адамдығын өзінің түсінбеген,
Кім сөйлесер түйсіксіз кісіңменен.
Ұлыққа да айтамыз кішік бол деп,
Болмай жатып қорқамын ісінгеннен.
Қанға сіңген олардың бір өнері,
Ісің түссе сыздана түнереді.
Әлде көрсе – майысып, маймаң басып,
Әлсіз көрсе – талтаңдап шіренеді.
Осы шығар кертартпа, пендешілік,
Пенде атын бүркенген кем бе есірік.
Сен кешіріп, ағайын, осыларды,
Не болады, айтпасам, мен кешіріп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суық жел

  • 0
  • 0

Суық жел инедей боп шаншылып тұр,
Бұзылып күннің түрі қарсы ұрып тұр.
Ебелек, қаңбақ түгіл, алты қанат
Ақ үй де солқ-солқ етіп алқынып тұр.

Толық

О, Жаратқан, ешбір жанға бас идіре көрмегін

  • 0
  • 0

О, Жаратқан, ешбір жанға бас идіре көрмегін,
Қошеметке құл болғанша, жақсы оданда өлгенім.
Дақ түсірмей өткізе гөр адамдықтың арына,
Рас болса бұл өмірге адам болып келгенім.

Толық

Адам боп өтсем арман жоқ

  • 0
  • 0

Адам боп келдім өмірге, адам боп өтсем арман жоқ,
Бақыт пен байлық шайқалса, басыңды мүжір арлан боп.
Өмірден кімдер өтпеген, алтыннан сарай салдырып,
Жақсылығынан басқа артында, жарты тиын да қалған жоқ.

Толық

Қарап көріңіз