Өлең, жыр, ақындар

Адам боп өтсем арман жоқ

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 57
Адам боп келдім өмірге, адам боп өтсем арман жоқ,
Бақыт пен байлық шайқалса, басыңды мүжір арлан боп.
Өмірден кімдер өтпеген, алтыннан сарай салдырып,
Жақсылығынан басқа артында, жарты тиын да қалған жоқ.
Ақ адал арлы пенделер, жолынан Алла танбайды,
Опасыз қоңыз дүниеге, алданып назар салмайды.
Тұрса да қылыш жүзінде, жаласын жауып басқаға,
Жазықсыз жанды жылатып, халқынан қарғыс алмайды.
Құйрығы күміс, басы алтын болса да арам жандардың,
Өлсе де, тірі жүрсе де, нағылет аты қалмайды.
Бұ дүниедегі қысастық о дүниеге кетпеген,
Зұлымдық еткен – өзін де, өрендерін де жалмайды.
Құлқынын ойлап күн көріп, көсемсіп жүрген жандардың,
Жылтырап сырты жүрсе де, шырағы түзу жанбайды.
Бал шарап ішіп балбырап, сауықпен сайран салса да,
Көргені көрдей азап боп, мейірімі шөлі қанбайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлкен Бегманұлы Айдарбековке

  • 0
  • 0

Әлкенжан, биік екен парасатың,
Қасиет хан басыңа жарасатын.
Түйсіксіз топастарға – таудан биік,
Сыйласқан – бетегеден аласасың.

Толық

Хан кене отырған қара тас басында

  • 0
  • 0

Кеп тұрмын Қордайдағы Майтөбеге,
Майтөбе білгендерге жай төбе ме?
Түңліктей төбедегі қара тастың,
Сыры да мәлім емес байтақ елге.

Толық

Қандай ауыр, әттеген

  • 0
  • 0

Қандай ауыр,
Қандай дәуір, әттеген,
Арам болды-ау,
Адамдар да хақ деген.

Толық

Қарап көріңіз