Өлең, жыр, ақындар

Ақбоз үй, айлы түн

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 103
Ақбоз үй, айлы түн, сылқылы бұлақтың,
Көк шалған көк теңіз сыбдыры құрақтың.
Тұп-тұнық айдындай аспан мен айнала,
Көгенде күйісі қозы мен лақтың.
Ару қыз албырар ақ төсек үстінде,
Дидары нұрындай алаулы шырақтың.
Жалбызды бұлақта құрбақа құрылы,
Шалғынды құрақ та шегіртке шырылы.
Боз таңда бозбала боз үйдің ішінде,
Арудың білектей қолында бұрымы.
Жүзіне сұлудың сұқтана қарайды,
Тынысын тарылтып дененің дірілі.
Жаннаты осы ма Жаратқан егенің,
Хор қызы ұйқы да білмейді не дерін.
Қос бұрым қос қолын тоқ болып соққанда,
Асқынды дірілі өртенген дененің.
Сөйлеуге тіл келмей, тұруға әл келмей,
Бозбала шошынды келіп ап келерін.
Кенеттен қасқырлар ызғи кеп ұлыды,
Иттердің басталды шуылы, ырылы.
Іргеден шал-кемпір бастарын көтеріп,
Жөтеліп кеп қалды атты адам дүбірі.
Жігітте үрей жоқ, құрыды, құрыды.
Жылан боп көрінді арудың бұрымы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғанда, мына жалғанда

  • 0
  • 0

Жалғанда, мына жалғанда,
Жүргеннің бәрі арманда.
Жұлдызы, бағы жанғанда,
Талабы тасты жарғанда.

Толық

Сабыр

  • 0
  • 0

Сақтадым сабыр бәріне,
Не айтса да досым, дұшпаным.
Төзімім жетсе әлі де,
Өзімді бекем ұстармын.

Толық

Тілек

  • 0
  • 0

Кім болсаң да, қуанам болғаныңа,
Болғаныңа – тұғырға қонғаныңа.
Адам түгіл ағаштың жапырағы,
Табан асты жатпасын жолда мына.

Толық

Қарап көріңіз