Өлең, жыр, ақындар

Таң нәсібі – Тәңірден

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 88
Таң нәсібі – Тәңірден,
Тәңірім берген әмірмен.
Шыбын-шіркей жыбырлап,
Құрт-құмырсқа қыбырлап,
Таң ата шығар бәрі іннен.
Көбелек ұшар қалбаңдап,
Қорек ап гүлдің нәрінен.
Шырылдайды шегіртке,
Тояттап көктің дәнінен.
Көбелек пен шегіртке,
Нәсібі құстың болған соң,
Құстардың қашар бәрінен.
Шыбын-шіркей нәсібі,
Жан-жануар тәнінен.
Айдында жүзген аққу қаз,
Судан да ырзық тереді,
Сызылған сұлу сәнімен.
Елеңдер елік, бұғылар,
Көктегі қыран кәрінен.
Қасқыр, қарсақ жортады,
Жемтігін іздеп сәріден.
Арыстан, аю, жолбарыс,
Жайратар барлық жандыны,
Алапат күш әлімен.
Түк болмаған секілді,
Тербеледі кең дала,
Бозторғай бұлбұл әнімен.
Дастарқан жоқ жайылған,
Қой, жылқы жоқ сойылған,
Таң нәсібі – Тәңірден.
Нәсібін бәрі тауып жүр,
Тәңірім берген әмірмен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, адамдар!

  • 0
  • 0

Ей, адамдар, зәбір берме жандыға,
Ая, ая, аңыратпа аңды да.
Бір Алладан мейірім, тоқтам сұрайық,
Жүрген жері, екі қолы қандыға.

Толық

Желпінткен туған жердің белендерін

  • 0
  • 0

Желпінткен туған жердің белендерін,
Тербеткен айдын көлдің тереңдерін.
Мендегі ыстық құшақ сағынышпен
Аймалап өлеңдерім көрер ме едің,

Толық

Жасанды бола алмадым

  • 0
  • 0

Жасанды бола алмадым,
Қасанды бола алмадым.
Аяқтан мені шалғанды,
Аяқтан шала алмадым.

Толық

Қарап көріңіз