Өлең, жыр, ақындар

Ботаң едім

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 51
Бозторғайлы,
Боз жусанды боз далам.
«Боз далам» деп,
Ботаң едім боздаған.
Тарлан тағдыр,
Бұрғызбастан тізгінді,
Келмей саған,
Жылдар өтті ондаған.
Кешір мені, туған жер,
Жылына бір ұясына оралар,
Құсың құрлы болмаған.
Келіп бүгін,
Көріп бүгін,
Сенен табан ізімді.
Көз алдыма,
Өткен күндер тізілді.
Көзім жасы,
Шоқ боп тамып кірпіктен,
Өртеп кетті
Өзегімді, жүзімді.
Дір-дір етіп,
Аяғымды баса алмай.
Тізелерім бүгілді.
Туған жердің,
Қандай ыстық құшағы.
Қайран жүрек,
Құс боп алып ұшады.
Боз даланың самалы,
Ата-анам боп құшады.
Бозторғайдың
Шырылына тең келмес,
Әлемдегі
Барлық бұлбұл, құс әні.
Балбыратар бойымды,
Шарықтатар ойымды,
Боз жусанның жұпары.
Кіндік қаным тамған жер,
Табан ізім қалған жер.
Өңім түгіл түсімде,
Орап алған жөргекке,
Құшағына қысады.
О, туған жер, туған жер,
Кіңдігімді буған жер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаны шуақ жан екенсіз

  • 0
  • 0

Таттым аға, ащыны да тәттіні,
Енді оралмас балалықтың пәк күні.
Көре-көре көсем болар дегендей,
Көре-көре білдік жаман-жақсыны.

Толық

Бал өмір

  • 0
  • 0

Бал өмір, балбырайын саяңда елтіп,
Бақыт бер, абырой бер баянды етіп.
Күліп кеп күңірене шығатұғын,
Дос берме, туыс берме аярлы етіп.

Толық

Япырмай

  • 0
  • 0

Япырмай, жетпіс жасқа кеп қалдым ба?
Талай көш көз ұшында кетті алдымда.
Біртіндеп көкжиекке сіңіп жатыр,
Жетуге көкжиекке көп қалды ма?

Толық

Қарап көріңіз