Өлең, жыр, ақындар

Шын

Аңқыған еркесамал есері шын,
Үскірген ақ жорғанын жетері шын.
Қаптаған қалың қардың кетері шын,
Көктемнің тамалжыған келері шын.

Бір-бір күннен бір жылдын өтереі шын,
Ғұмырың осылайша түгері шын.
Жастықтың жалындаған кетері шын,
Кəріліктін тұралаған келері шын.

Алдыңғының бозаң тартып тозары шын,
Соңғының гүлгүл жайнап озары шын.
Кейдауды ескермесе қозары шын,
Кейінге созаберсе тозары шын.

Адал боп опа қылса достығы шын,
Дұшпан боп жарға итерсе қастығы шын.
Көргенсоң зəбір жапа қорлығы шын,
Шекенсоң миқанаты сорлығы шын.

Адалдың тура айтып салары шын,
Залымның аққа күйе жағары шын.
Зұлымның нақақ жала жабары шын,
Адалдың тура ақтап алары шын.

Опық жеп кейде қапы қалары шын,
Артыннан тағы теңдік алары шын.
Кейкиіп кейде кетіп қалары шын,
Алдына қайта айналып барары шын.

Сараңның малды жақсы көрері шын,
Жомартың сұрағанды берері шын.
Шабанның ұрса зорға желері шын,
Жүйріктің топтан озып келері шын.

Ғашықтың шыбын жанын үзері шын,
Жалғаның елге көзін сүзері шын.
Қауымның сорақы іске күлері шын,
Арманға жетпегеннің жүдері шын.

Өзінің ел соңыннан ерері шын,
Осыны тірі болсаң көрерің шын.
Əйтөуір түбінде бір өлерің шын,
Одансоң қяметке келерің шын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жөн

  • 1
  • 0

Жасыңда білім десе тоймасаң жөн,
Денеңді шынықтырып ойнасаң жөн.
Ержетсең елдің қамын ойласаң жөн,
Қартайсаң ақыл-кеңес қоймасаң жөн.

Толық

Менің жәйім

  • 1
  • 0

Ешкімге тілімді ал деп жалынбаймын,
Домнада лаулап тұрған жалындаймын.
Базардың өтіп тұрған малындаймын,
Қадалсам бір нәрседен алынбаймын.

Толық

Жыр соңынан

  • 1
  • 0

Көкжал құнан- ат боп шықты сартабан,
Жастығымда шалғайлады артаман.
Бір ауыр жүк орын алып арқадан,
Қара нардай маң-маң басқан,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар