Өлең, жыр, ақындар

Менің жәйім


Ешкімге тілімді ал деп жалынбаймын,
Домнада лаулап тұрған жалындаймын.
Базардың өтіп тұрған малындаймын,
Қадалсам бір нәрседен алынбаймын.

Қай-қашан құр қиялға салынбаймын,
Өзімше бүрынғыньң салындаймын.
Жел сөзге оңай-оспақ шалынбаймын,
Ақылға ауылымның шалындаймын.

Көп іске бейне жеттік ғалымдаймын,
Жауыма опа қылмас залымдаймын.
Досыма керек болса жаным дайьн,
Осындай дарын барда арындаймын.

Халықпен бейне су мен балықтаймын,
Өтпеске жүз шығарар шарықтаймын.
Майсaға су келетін арықтаймын,
Жырымды өл-өлгенше сарықпаймын.

Батпаққа тастағанмен малынбаймын,
Кетірмес су түбіне салым дайын.
Шоқ ұстап ақымақ боп қарылмаймын,
Бермеске көзім сатып сарылмаймын.

Біреудің бақытына тарылмаймын,
Береке бұзып көптен жарылмаймын.
Халықтан алған менде өнеге бар,
Өлгенше бұл мінeзден арылмаймын.

Бір кезде менің түгейт күн мен айым,
Хорек боп өсімдікке жілк майым.
Азырақ жер қыртысын толықтаймын.
Онан соң не боларын мен ұқпаймын…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарапайым адаммын

  • 1
  • 0

Топқада талай барғамын,
Ортаны солай жарғамын.
Құныттап жүріп жалықпай,
Ақындық атты алғанмын.

Толық

Жыр соңынан

  • 1
  • 0

Көкжал құнан- ат боп шықты сартабан,
Жастығымда шалғайлады артаман.
Бір ауыр жүк орын алып арқадан,
Қара нардай маң-маң басқан,

Толық

Кейбіреу

  • 1
  • 0

Кейбіреу майдан қылшық суырғандай,
Кейбіреу отқа тұзды қурғағандай.
Кейбіреу битке пышақ суырғандай,
Кейбіреу артынан ел шуырғандай.

Толық

Қарап көріңіз