Өлең, жыр, ақындар

Қарапайым адаммын


Топқада талай барғамын,
Ортаны солай жарғамын.
Құнттап жүріп жалықпай,
Ақындық атты алғамын.

Əн менен терме жазамын,
Домбырадан аманмын.
Жұмысын істеп қоғамның,
Жырлаймын жырын заманның.

Өткенді айту арманым,
Көргенді айту талғамым.
Өмірден талай екшеліп,
Ұрпақтар алар қалғанын.

Жақсыға еріп келемін,
Жаманға сырт беремін.
Соғымын сойып көршімнің,
Қайысын істеп беремін.

Тамбаған отын жағамын,
Малын да қосып бағамын.
Үлкенге бала, бауыр боп,
Кішіге əке, ағамын.

Негізгі саты орыным,
Əділдік болған форымым.
Көш жолмен тоған жөндетіп,
Аударып тастап қорымын.

Дамуға елді бастаймын,
Пайдалы істен қашпаймын.
Залалды қаңқу сөз болса,
Бетінен алып тастаймын.

Сəбиді шетпе емдеймін,
Мертікті аздап жөндеймін.
Көшпенді жүрген малшыны,
Лоңқа мен шөппен емдейім.

Отбасына бәйек боп,
Істерді теріс тосамын.
Ұрпаққа болып өнеге,
Қоғамға үлес қосамын.

Бөзегі болмай наданның,
Пайдасымын адамның.
Нық басып жүрген қадаммын,
Қарапайым адаммын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің жәйім

  • 1
  • 0

Ешкімге тілімді ал деп жалынбаймын,
Домнада лаулап тұрған жалындаймын.
Базардың өтіп тұрған малындаймын,
Қадалсам бір нәрседен алынбаймын.

Толық

Адамның осы болар өлмегені

  • 1
  • 0

Шырағың маңдайдағы сөнбегені,
Қара жер бесігіне енбегені.
Бір басын қамсыз қылып жөндегені,
Емес ол адамдардың өлмегені.

Толық

Шын

  • 0
  • 0

Аңқыған еркесамал есері шын,
Үскірген ақ жорғанын жетелі шын.
Қаптаған қалың қардың кетері шын,
Көктемнің тамалжыған келері шын.

Толық

Қарап көріңіз