Өлең, жыр, ақындар

Өмірге қант қосып алуға болса ғой

  • admin
  • 05.02.2024
  • 0
  • 0
  • 152
Таңғы шай.
Таныс дәм алғыздық.
Тек үнсіз ішеміз.
Сендегі мұң менен мендегі жалғыздық
Түсі – егіз…

Біз күнде келетін шайxана.
Даяшы – өңді қыз.
Ол тағы таңырқап қарайды, байқама,
Сол дұрыс.

Тағы іште қалады айтылмай соншама ой,
Кетеміз аптығып.
…Өмірге қант қосып алуға болса ғой,
Тәтті ғып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазылмастан қалды іште қаншама өлең

  • 0
  • 0

Жазылмастан қалды іште қаншама өлең,
Өткен күннен белгі боп қалса деп ем...
Бәлкім, кейін, дәм-тұзым таусылғанда,
Бір шумақ жыр жазуды аңсап өлем...

Толық

Қоштасу үшін бір кездесейік

  • 0
  • 1

Қоштасу үшін бір кездесейік,
Бір тілдесейік соңғы рет.
Қап-қара Түнге Күнді іздесейік,
Ойлап жүр Ол да сөнді деп.

Толық

Мен ауылдан кеткелі көп жыл өткен...

  • 0
  • 0

Мен ауылдан кеткелі көп жыл өткен...
Қарсы алар ма жатсынбай жол гүл еккен?
Арман қуған көңілмен аттанып ем,
Қайтып келдім сол көңіл, сол жүрекпен!

Толық

Қарап көріңіз