Өлең, жыр, ақындар

«Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім

  • admin
  • 05.02.2024
  • 0
  • 0
  • 138
«Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім,
Өлең болып барамын өң-кейпі – мұң…
Махаббатты сол шығар, жырлайтыным,
Махаббатқа сол шығар, сенбейтінім…

«Сәлеметсіз…» — жалғыз сөз сенен естір,
«Амансыз ба?..» — мендегі елемес түр.
Тағдыр, саған түк емес екі жүрек,
Егілерін білсең де, ерегестір!

Бәрі мәңгі деуші едік, қалды онымыз,
Бақыттымын сенсіз де — ал, көріңіз:
«Кетпешінің» орнына – «Көріскенше!»
«Сағындымның…» орнына – «Сау болыңыз!»

Жазғанымен қалуды бір жүздесіп,
Тірлік кешіп келеміз — тілсіз кешіп…
Өмір өтіп барады, өкініш — сол,
Сен екеуміз жүргенде «Сіз-Біз» десіп…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мендегі жалғыздық - бітпейтін жалғыздық

  • 0
  • 0

Мендегі жалғыздық - бітпейтін жалғыздық,
Біткенше қан-сорам...
Ешкімнен ештеңе күтпейтін жалғыздық -
Күтуден шаршаған.

Толық

Қоштасу үшін бір кездесейік

  • 0
  • 1

Қоштасу үшін бір кездесейік,
Бір тілдесейік соңғы рет.
Қап-қара Түнге Күнді іздесейік,
Ойлап жүр Ол да сөнді деп.

Толық

Өмірге қант қосып алуға болса ғой

  • 0
  • 0

Таңғы шай.
Таныс дәм алғыздық.
Тек үнсіз ішеміз.
Сендегі мұң менен мендегі жалғыздық

Толық

Қарап көріңіз