Өлең, жыр, ақындар

Қызды сыйла!

  • admin
  • 07.02.2024
  • 0
  • 0
  • 209
Ерте үй боп жасамасаң той көктемде
Досым арам ойлама бойжеткенге.
Сен даланың емессің аш қасқыры
Қыздар емес жайылған қой бөктерде.
Ол қыздың ар жағында әкесі бар
Әке қызын қорлауың қате шығар.
Тазалыққа ұмтылшы жүрегіңмен
Бескүндік мына жалған өте шығар.
Ол қыздың ар жағында анасы бар
Кезін күтер қызының бағы ашылар.
Ұмтылған ұядағы балапанға
Сен жылан бола көрме ала шұбар.
Ол қыздың ар жағында бар ағасы
Көз сүзіп қаракөзге қарамашы.
Ағасы үшін қарындас деген бір сөз
Ар-ұят деген сөздің баламасы.
Ол қыздың ар жағында інісі бар
Әпкешім деген кезде үні шығар.
Бауырым қателікке бармас бұрын
Осындай жағдайларды ұғысып ал.
Желкеңе жазылады желінген ар
Сөзімді сақтағайсың көңілге бар.
Өлімнің бер жағында өмір болса
Өмірдің ар жағында өлім де бар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегімде

  • 0
  • 0

Сенің сұлу көркіңе боянбаған,
Жан жоқ шығар сезімі оянбаған.
Мен де соның бірімін күнде-күнде,
Келбетіңе тамсанып тоя алмаған.

Толық

Қызым болсаң

  • 1
  • 1

Кездесуге тез келдеп асықтырам,
Жүзiмнен шуағымды шашып тұрам.
Бiр тәулiкте "жиырма төрт" сағат болса,
"Жиырма бес рет өзiме ғашық қылам.

Толық

Неліктен

  • 0
  • 0

Кетпе дегенде
Ептеп өлеңге
Құлақ салмадың неліктен
Дастаным әнім

Толық

Қарап көріңіз