Өлең, жыр, ақындар

Өлмейтін махаббат

  • admin
  • 08.02.2024
  • 0
  • 0
  • 144
Ашылса менің қабағым оның қабағы
Жүреміз бақыт тілегін орындап әлі
Жазмышпен жарысамын деп абырой таппаймыз
Жарығым Жаратқанымның қолында бәрі

Ақ құсым, теңіз толқыса жағаға қонба
Қуантшы жабырқағанда санама қон да
Қазірше өзімді өзім жылытып алам
Сағынышымды көмкеріп сары ала тонға

Су құйып үмітімді де өсіремін көп
Сезімнің іздей беремін, сосын емін кеп
Қалқам-ау қайырылсаңшы қатыгез болмай
Жүрегім жылауда әне кешіремін деп

Сен едің өртейтін жанды сөнбеген жалын
Күтуге болады екен ғой пендеден бәрін
Ақ құсым, қолымнан менің ұша көрмеші
Шыр етіп ұшып кеткенше кеудеден жаным.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйген адам

  • 0
  • 0

Сөзiм жоқ "ұрып-жықтым, тептiм" дейтiн,
Ұқсамас бұзақыға кескiн-кейпiм.
Мен ойлаймын көшенiң тәртiбi емес,
"Адамдықтың заңы" деп ескiрмейтiн.

Толық

Көзқарас

  • 0
  • 0

Қыздарға қарайықшы қарындас деп,
Жадырап жүрейiкшi жаның жас боп.
Ойлайықшы перiште былай тұрсын,
Пенде де түзеу жолдан жаңылмас деп.

Толық

Неліктен

  • 0
  • 0

Кетпе дегенде
Ептеп өлеңге
Құлақ салмадың неліктен
Дастаным әнім

Толық

Қарап көріңіз