Өлең, жыр, ақындар

Ақылсыздың ақылы

  • admin
  • 08.02.2024
  • 0
  • 3
  • 263
Осы тұлға емеспін, осы батыр.
Қиялиды жинаған қосына кіл.
Өзіме ақыл жетпей жүрген кезде.
Айтатын болып жүрмін досыма ақыл.

Арманыңды жүрсің ғой қызбен қамдап.
Ол да сені алған-ау мұзбен қармап.
Ине жіп еркектердің жұмысы емес.
Үмітті неғыласың үзген жалғап.

Махаббатты мансұқтап сіз алғашқы.
Күйде жүрсің бұл күнде бұзар басты.
Сенің жалғыз сүйгенің періште де,
Сонда не боп қалдық па біз албасты.

Беті маржан сөзімнің астар тұнба.
Сен неге мән бермейсің басқа алтынға.
Ұсақталма, тас деген тау басынан.
Құлағанмен қалады тас қалпында.

Өзің жынды демегін, сөзің бүлік.
Адаспашы бауырым өзің біліп.
Көзің ашық, көкірегің соқыр боп тұр,
Кеудеңе тағып алшы көзілдірік.

Батыстың баласы едің заты ұстара.
Тыныштал, шайқаспа да, атыспа да.
Күн батады дегенмен сендер жақта.
Таң атарын білесің батыста да.



Пікірлер (3)

Аят

Серік Аят

КЛИМ

ТАМАША! КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ ЕКЕН.

BuraNaiman

Ақынбаба жарайсың

Пікір қалдырыңыз

Сұлулық жүректе

  • 1
  • 1

Түрі жаман болғанмен мінезі әйбәт
Үйренісіп келеміз міне жәйлап.
Кетіп қалсаң қайтадан келесің ғой
Жын емессің кететін кілем айдап.

Толық

Үнсіз жүрек

  • 0
  • 0

Ол кезде жырсыз жүр ек үнсіз жүр ек,
Сезімді тапқан сен ең шын сүзгілеп.
Үміттің құба таңын атырғансың,
Қымбаттым ұнатамын бір сізді деп.

Толық

Сен үшін

  • 0
  • 0

Сен үшін ақпанмын мен,
Саған ғана сырымды ақтардым мен,
Сәлем беріп келемін атқан күнмен,
Қоштасып кете берем батқан күнмен.

Толық

Қарап көріңіз