Өлең, жыр, ақындар

Қысқы жолда

  • admin
  • 14.02.2024
  • 0
  • 0
  • 364
Қараңғы түн, сар дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт-борт желеді.
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі.
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап,
Аузы-басы жыбырлап,
Асып-сасып сыбырлап,
Жерді жапқан кебінді
Сүйіп ақырын құшақтап,
«Әпсүн»1 оқып үреді.
(1 Иманын үйіру.)
Барады үдеп бұл боран,
Жанымда жоқ тірі жан.
Тоңазыды денем де,
Адаспай, дұрыс келем бе?
Қорқып, жүрек ойнайды,
Көз алдыма елестеп
Әлденелер келеді.
Боранын Тәңір ашпады,
Жол білінбей бастады.
Көрінген бір жарық жоқ,
Босаңсиды Қаракөк...
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып
Қалармын, кім біледі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жатыр

  • 1
  • 19

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр.
Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп,
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.

Толық

Алатауда

  • 1
  • 2

Иір-иір Алатау
Бұйра-бұйра жал ма екен?
Қарасам көзім талады-ау
Қияңа, асқар Алатау.

Толық

Ескендірдің екі мүйізі

  • 0
  • 0

Болсаң да жалғыз жапанда,
Сырыңа, құрбым, берік бол!
Күбірлесе-ақ ауызың,
Әкетер қағып жүйрік жел.

Толық

Қарап көріңіз