Өлең, жыр, ақындар

Желмая

  • admin
  • 16.02.2024
  • 0
  • 0
  • 93
Есейіп,
Қорқыт бір күні
Нағашысына келеді.
«Таутайлақтың бұл тұқымы», –
Деп ол бір бота береді.
Үйіне ботаны алып кеп,
Күндіз де, түн де ол баптайды.
«Мықты болары анық!»-деп,
Тіл-көзден қорғап, сақтайды.
Аузына тамақ салады,
Бірге де кейде жатады.
Тірсегі бекіп, табаны
Ботаның əбден қатады.
Не болып жатыр айнала,
Жануар сезіп-біледі.
Соңынан қалмай қайда да
Қорқытпен бірге жүреді.
Жүреді бір күнұзақ,
Қалмайды əрі озбайды.
Көрінбей Қорқыт тым ұзап
Кетсе егер іздеп боздайды.
Танауы оның тесіліп,
Тайлақ боп өскен кезде де,
Серігі қалса кешігіп,
Жоламай қояды өзгеге.

Ешкімді де елеп, бағынбай,
Құнан,
Буыршын шағында –
Секіріп ешкі лағындай
Жүріпті Қорқыт жанында.
Табаны мұздан таймайтын
Жүйрік боп асқан өсіпті.
Ел: «Ұшқан құстан қалмайтын
Желмая ғой бұл!» – десіпті.
Жерде-өзен, көкте-толқып күн,
Көп бопты оған таң қалған.
«Желмая» күйі Қорқыттың
Серігіне осы арналған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ертегі туралы ертегі

  • 0
  • 0

Ерте, ерте, ерте еді,
Жоқ ол кезде ертегі.
Бар арманын бір бала
Болғандай ғып шертеді.

Толық

Еліб

  • 0
  • 0

Мақтайды, ешкім кемітпейді,
Бүркіт маңғаз, желікпейді.
Қауырсын талшық-түкті,
Талшық-түгін еліб дейді.

Толық

Отанды сүю

  • 0
  • 0

Ерте-ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде
Ербол атты ер бопты
Өрнек деген өлкеде.

Толық

Қарап көріңіз