Өлең, жыр, ақындар

Қайран әжем

Әне міне дегенше
Аласапыран күн өтті
Сенің әжім бейнеңді
Көрмегелі жыл өтті

Түсіме енген бейнеңді
Ойлап әркез тапжылмай
Сағынып та отырам
Күнмен бірге ай санай

Өмір деген айдыннан
Кездеспессің ендігі
Жүректегі қайғымнан
Жұбатпассың мендегі

Аңсауменен жүрмін-ау
Бала дәурен, жас шақты
Ойлауменен болдым-ау
Басыңдағы ақ шашты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер