Өлең, жыр, ақындар

Ақын болшы бауырым!

Жылатпайтын - жұбататын,
Көп сөйлемей - дөп айтатын,
Көп ойланып - бір айтатын,
Мұңайтпайтын - қуантатын
Ақын болшы бауырым!
Ақиқаттан аттамайтын,
Жақсыларын даттамайтын,
Атақ үшін, пайда үшін,
Арын жерге таптамайтын,
Ақын болшы бауырым!
Елірмейтін хайп қуып,
Тектілікке лайық болып,
Өз сөзінен
ұсақталмай,
Қашпайтұғын тайып
тұрып,
Ақын болшы бауырым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз