Өлең, жыр, ақындар

Анама арнау

Сәл жабырқап, мұңайған кездерімде,
Сені ойласам қорқыныш жоқ маған мүлде.
Өзің тірі жүргенде жан анашым.
Ауырлықты ешқашан сезбегем де.
Тек өзіңнен күш алып жүргенімді
Білдің бе, әлде мүлде сезбедің бе?

Жетпіс екі жас жетті бүгін міне
Екі мың жиырма төрттің көктемінде
1 ғасырдан әрі асып жүрсең дағы
Көтеріп жүре аламыз төбемізге
Өзіңнің өмір берген ұрпақтарың
Сеніммен нық басады ертеңіне
Қартаймай жүзің жайнап жүре берші
Әр жылдың аман жетіп көктеміне.

Бауырлық, татулықты үйрете алдың
Саналы тәлім бердің жетеумізге
Немере шөберелер ере берсін
Әр келген келіндердің етегіне
Аман есен ортада жайнап жүрші
72-нің тағы келіп екеуіне



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешірші әке

  • 0
  • 0

Кешірші әке, қадіріңді білмедім
Өстім жеттім әке мүлде өзгердім
Балалығым қадіріңді білмепті
Егде жасым қызығады әкесіне өзгенің

Толық

Менің ұлым

  • 0
  • 0

Менің батыр ұлым бар о, адамдар!
Тең келмейді дүниеде оған небір алтындар.
Бұл өмірде мен іздеген баға жетпес бақытым
Тек ұлымның жүрегінің соғысынан табылар.

Толық

Қарт ана

  • 0
  • 1

Кең екен аналардың құшағы да,
Тірліктің мәнін таптық құшағында
Өткеннің сәулесіндей шуақ шашып
Қарт АНА аман жүрші ортамызда.

Толық

Қарап көріңіз