Өлең, жыр, ақындар

Ана

Ана деген отбасының мерекесі,
Отбасыны ұстап тұрған керегесі.
Ана деген отбасының бастамасы,
Ана деген отбасының берекесі.

Ана деген шаңырақты құлатпайды,
Сүт Сәбиін ешқашанда жылатпайды.
Анамызды қадірлейік бар кезінде,
Ана деген уақыт өте жырақтайды.

Себепшісі өсуіне азаматтың,
Балаңа тәрбие беріп келе жаттың.
Ақ жаулықты панасы, қорғаушысы,
Жаратқаннан келіп түскен аманаттың.

Сүртейік жас болса егер қабағында,
Алып тұрғын арасында сабағында.
О дүниенің төріндегі алтын мекен,
Жұмақ кілті анамыздың табанында.



Пікірлер (1)

Алима

Жақсы өлең өлен жазуды қалай үйрендіңіз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз