Өлең, жыр, ақындар

Махаббат туралы

Жаным барда үмітім үзілмейді,
Басқалар ондай жаннан үзіл дейді.
Көбінесе байқаймын, қарап тұрсам,
Сезімдер неге бірге түзілмейді.

Ғашығым ойымнан еш кетпегенсің,
Тұлғама кері мінез етпегенсің.
Бет алдым, алып асу, белестерді,
Беттейін сендей жанға беттегесін.

Әнім, тәнім нұрланған бойымдағы,
Сәнім, мәнім ойланған ойымдағы.
Шашылғандай сәулелерің жүрегіме,
Ашылғандай өмірлік ойын бағы.

Бауралдым бұрымыңа былбыраған,
Қолдарың қандай нәзік сылбыраған.
Асып толдым арнамнан бір сен үшін,
Ғашық болдым ұніңе сылдыраған.



Пікірлер (1)

Айымжан

Кандай

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз