Өлең, жыр, ақындар

Созып келем

  • admin
  • 26.03.2024
  • 0
  • 0
  • 46
Келе бер қырсық, шіркін, келсең мейлі,
Сарнаған сарапшыға ел сенбейді.
Теңгенің теңсіздігі неге ғана,
Бағамен базардағы өлшенбейді.

Көміліп құшағына кейде түннің,
Бергенін еске аламын бейнетімнің.
Қаншасы ертеңіме қалды екен деп,
Тиынын түгендеймін зейнетімнің.

Алдымнан күткен арай ашылмады,
Көршіме көрсетпедім жасымды әлі.
Ақысы алқымыңа жармасатын,
Пәтер де пәле болды басымдағы.

Биліктің түсі жылы, іші қалың,
Түсінгем түңілтетін мысы барын.
Қарыстай қаражатым...
Етік түгіл
Шалбарға шама келмей қысыламын.

Заман бұл өзі беріп, өзі үптеген,
Селкілдеп өтем бе деп сезіктенем.
Оп-оңай өлмейін деп...
Өмірімді
Қара нан, қара сумен созып келем.

Қойғандай алдын ала қамдап құрық,
Қажытты сары уайым сандап кіріп.
...Төренің түңдігіне көз саламын,
Өлеңмен өзегімді жалғап тұрып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаң түссе ұятыма

  • 0
  • 0

Аспанымды арман, мұң қабат басып,
Күйзелгенмін көңілден абат қашып.
Ой-өрісі...
Пенденің түсінігі,

Толық

Пенделіктің пейілі

  • 0
  • 0

Көкелердің қылжағы күйдірген соң ішімді,
Бағы жанған өтірік басатындай мысымды.
Аңғарылмас ағаттық адамдарда баршылық...
Мінезімді мінеп ап, саралаймын ісімді.Оразбай БАЙБАҚҰЛЫ

Толық

Неге ғана

  • 0
  • 0

Сарбазың көп болғанмен сапта көрген,
Жайғасқан жерде жетім, тақта мерген.
Бәрібір абызыңа айналмайды,
Көпіртіп мәңгүртіңді мақтағанмен.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер