Өлең, жыр, ақындар

Ұйқасын тап

  • admin
  • 10.04.2024
  • 0
  • 0
  • 51
Жердің қалың тоңы,
Шақырып кел ...
(«до»-ны).
Қосылсын бұл күйге,
Ескертелік ...
(«ми»-ге).
Аралассын биге,
Ұжымдағы ...
Бек сен қойды іре,
Үйреніп ал ...
Алыс емес тамы,
Оятыңдар ...
Шомыла ма көлге,
Айтыңдаршы ...
Деп бұл іске кінәлі,
Жазғырмаңдар ...
Алып келші Кемелді,
Салып берсін ...
Бұл не қылған күй өзі,
Жазылмаған ...
Бемоль, диез кет әрі,
Тұр ғой нота ...

Жауаптары: до, ре, ми, фа, соль, ля, си, бемоль, диез, бекар.

* * *
Жұрттың қалап жатыр бәрі,
Алшы қолға ...
(адырнаны).

Күні бойы бір іс қылмай,
Тауда ойнадым ...
(мүйізсырнай).

Қария мен жас тыңдайды,
Ойнап берші ...
(сазсырнайды)

Қарсы келген жауым састы,
Қағып едім ...
(дауылпазды)

Сағындық қой сол бір әнді,
Шертші, қане, ...
(домбыраңды)

Қоя тұрып жыр, әніңді,
Ойнап берші ...
(ұраныңды)

Аралаймыз сан қонысты,
Ала шықшы ...
(шаңқобызды).

Кесіп, жонып жасады Аяп,
Дайын болды ...
(асатаяқ)

Тау, тас, орман жаңғырады,
Қақсам қатты ...
(даңғыраны)

Айтайын мен ертегімді,
Сен жәй ойна ...
(шертеріңді).



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ре

  • 0
  • 0

Мені «күнім», «Айым» де
Жұртқа мәлім ұнарым.
Сап бойынша дәйім де,
Екінші боп тұрамын.

Толық

Қазақша ет - бесбармақ

  • 0
  • 3

Құдаңа тарт мал басын,
Жездеңе қой төсті арнап.
Қарттарға бер жамбасын,
Пісті, міне, бесбармақ.

Толық

Ноталарды табамыз

  • 0
  • 0

Сидоров пен Симонов,
Әуелден де зерек-ті.
Нән зереңмен су құйып,
Аялапты теректі.

Толық

Қарап көріңіз