Өлең, жыр, ақындар

Ауылыма талай барам

  • admin
  • 19.04.2024
  • 0
  • 0
  • 32
Тек жүрсем…
ауылыма талай барам,
Онда бір жаутаңкөз бар қарайлаған.
Жан болса шабытына шоқ түсірер,
Жасына,
Жан-жағына қарай ма адам?!
Алда әлі ауылыма талай барам,
Бір үйдің іргесіне жанай барам.
Туған соң ақын болып, сезімі-жыр,
Махаббатсыз, ән-күйсіз қалай барам?!
Қуанышқа, Кежеуге,
Абай барам,
Құрбыларды Ай-Күнге балай барам.
Олқы тұсын ұмытып достарымның,
Жақсылығын айғайлап, санай барам.
Ауылым – ақ бесігім,
талай барам,
Ауылда талай ұстаз, талай данам.
Түсе қалып атымнан сәлем берем,
Аға-жеңге, ініге мал айдаған.
Мен әлі ауылыма талай барам,
Сол ауылдан тарайды арай маған.
Ақын көңіл алдаса өзі білсін,
Бар секілді бір сұлу қарайлаған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкшетау, саған жыр жазбай жүргем

  • 0
  • 0

Көкшетау, саған жыр жазбай жүргем,
Жырлауға өрем жетпес деп.
Сәкенді оқып бағаңды білгем,
Садағаң болып кетпес пе ек?!

Толық

Қаройдың қара жусаны

  • 0
  • 0

Қаройдың қара жусаны,
Қайғыдан қажып түнерген.
Махамбет қаны тамған жер,
Өзіңнен жастай сыр емгем.

Толық

Ұсынуға өзіңе батпап едім...

  • 0
  • 0

Сен қандай аппақ едің!
Өлеңімді оқыдың жатқа менің.
Жүрегімнен үзілген от гүлімді,
Ұсынуға өзіңе батпап едім.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар