Өлең, жыр, ақындар

Мен ғашықпын өмірге

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 31
Сезімменен тұтатсам жыр, жақсам сыр,
Қия алмай тұр тас түнекке ақшам нұр.
Мына мені, бұл қаланы кірлеген,
Хәлін айтып жылап жатыр ақ жаңбыр.
Самал соқса, жапырақтай билейміз,
Қызыл отқа қалай жатыр күймей күз?
Бізді ғалам жетімсітпей сүйсе егер,
Неліктен біз бұл өмірді сүймейміз?
Қымтап, орап түнерген бұлт жарамды,
Сен кеткенсің, көргенім жоқ қараңды.
Кірпіктері кірпігіме байланып,
Күн сүйеді жанарымнан қараңғы.
Уа, жүректер! Не қалайсың шетіңнен?
Кеудемдегі әлсіз ғана етімнен.
Ол да маған, мен де оған ғашықпын,
Ай сүйеді салқын ғана бетімнен.
Жапырақ пен самал ерні сүйіспек,
Қанатым бар көшкен бұлтпен түйіспек.
Сағынған ғой менің бала шағымды,
Жел сүйеді маңдайымнан иіскеп.
Батыстағы қызыл қою шайыңды,
Шөлдеген жер, сіміріп түн жайылды.
Жаураған ғой менен іздеп жылуды,
Қайың сүйед құшақтап-ап қайыңды.
Неткен сұлу жаратылыс адам да,
Махаббат бар жүрегімде, санамда.
Мен сүйемін бұл өмірдің жарығын,
Мен ғашықпын маған ғашық ғаламға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлт жамылған Ай

  • 0
  • 0

Қараушы едім жанарыңа баласынып,
Өтті бәрі түс келді ғой таң асырып.
Жапырағын сұрап жатыр тіленші күз,
Жүрегімді іздеп жүрмін аласұрып.

Толық

Алматым

  • 0
  • 0

Алматым,
аңдаусызда маған ұқсап қалғаныңды біліп пе едің,
бүгін тағы
кәрі ағаштар еңіретіп сүйектерін

Толық

Жылағың келген шығар...

  • 0
  • 0

Жылағың келген шығар...
Айнадан, көктен, жерден де,
Суреттерімді көргенде.
Жылағың келген шығар...

Толық

Қарап көріңіз