Өлең, жыр, ақындар

Сүйер едім...

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 33
Ғасыр қарап тұрар ем жанарыңа,
Сыздаса да жүректе жара мына.
Қарай алман, кеш, гүлім, сенсем дағы
Өңіріңе ақ моншақ тамарына.
Сипар едім қолыңнан тек, өтінбей,
Ақ саусағың еріксіз көнетіндей.
Алақаным жылытса қолыңды мұз,
Жүрегімнің ақ нұры сөнетіндей.
Құшақтар ем кеудеме қатты қысып,
Қандай опа табармын жатты құшып.
Тағдыр айдап, қайтерміз бір күндері
Сезіміміз қалса егер қақтығысып?
Сүйер едім ерніңнен...
Пәктігі тұр.
Айтшы, қалқам, қаламас тәттіні кім!?
Болашақты кім білсін? Шыдайықшы!
Сақтап қойшы жарыңа тәттілігін.
Елемеші жырақтар, қашықтарды!
Сағыныштың есігі ашық қалды.
Таза сезім қалсыншы таза қалпы,
Ғашық жүрек қалсыншы ғашық қалпы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кірпігіңді күзетем

  • 0
  • 0

Жүрек түннен ішеді мұң, таусады,
Қабырғам жоқ...
Қабырғам да қаусады.
Пианино кірпігіңде ойнайды,

Толық

Мейірім Гүлі

  • 0
  • 0

Біз –
жабырқаған,
ашыққан,
сырқат пендеміз...

Толық

Сұрқай суық күз, қоғам жүрегі...

  • 0
  • 0

Сұрқай суық күз, қоғам жүрегі,
Қапырық ой жалмаған қырт міні.
Сәулесіне айналсам мен күннің,
Мені іздеп жоқтайды күрт түні.

Толық

Қарап көріңіз