Өлең, жыр, ақындар

Көктемгі сағыныш

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 31
Салқын леп жұпары — сағыныш,
Сезімің еседі тоңдырып.
Қанатың шаршаса ұшудан,
Кеудеме аласың қондырып.
Жанарда тығылған бір маржан —
Мендегі ұялшақ соңғы үміт...
Жалғыз ай, жалғыз мұң, бір жүрек,
Терезе сыртынан аңдиды.
Ақ тәнді аймалап Ай нұры,
Сағыныш жұпары аңқиды.
Мас болып сезімге көкте Ай,
Жерде мен,
Екеуі қаңғиды.
Сан мың от жарық боп түнекке,
Сан мың мұң жанады әйнектен.
Бұлттарға байлап-ап ақ жібін,
Өкпелеп өмірге Ай кеткен.
Сезімнің гүлдері жайқалған,
Солды ғой...
Оралмас қай көктем?..
Мұң ішіп төсінен мезгілсіз,
Айдың ақ анарын емгенмін.
Махаббат мен сені өлтіргем,
Түбіне жүректің көмгенмін.
Тіріліп келер деп ойлап па ем,
Бақилық сол сезім, өлген мұң.
Кешірші, сол сұлу, ертіп-ап
Көктемнен күзге мен қалдырдым.
Сағымнан сарайды тұрғызып,
Мұңдардан қамалды салдырдым.

Мен жүрмін бір жылу таба алмай,
Астында көктемгі жаңбырдың...
Кірпігі ілініп Күн қыздың,
Маған кеп тірейді жағын түн.
Өзімді өзіңмен жоғалтып,
Сараңдау тағдырға бағындым.
Сендегі жұпар бар көктемде,
Мен сені тым қатты сағындым,
Сағындым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен бейбақ

  • 0
  • 0

Мен бейбақ
жұлдыздарды сұлу жанарындағы жаста жиі көретінмін,
мөлдір жұлдыздарын кірпігінен сүртіп, құрғататынмын...
жұбататынмын солай...

Толық

Үлкен-кіші шеңберлердің бәрі есімде

  • 0
  • 0

Үлкен-кіші шеңберлердің бәрі есімде;
Ай-диуана кезіп жүрген күзде ме еді,
бұлт көшетін ақ шатырлар төбесінде.
Баян-айдың* есігінде кезек тағы.

Толық

Бөрі жүрек Айға ұлиды

  • 0
  • 0

Көрдім сенім ақ жүзіңнен еркелеген,
Көрмей сезім бұрылдың-ау ерте менен.
Бекежанның оқ жанары садақ болып,
Қыз Жібектен айрылды ғой ер Төлеген.

Толық

Қарап көріңіз