Өлең, жыр, ақындар

Мен күткен көктем

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 32
Қарындасым Інжуге

Гүлім менің, жазым менің, көктемім!
Сеніменен мақтанады текті елің.
Қуантуға жабырқаған күздерді,
Көктем болып бұл өмірге кеп пе едің?
Қарындасым, жанымдасың, кеудемде,
Шын қуандым сен өмірге келгенде.
Мезгіл күзсіз, аспан бұлтсыз болмайды,
Қорған болам дауылдан да, селден де.
Ғұмырыңның кірпіштері қалана,
Гүл боласың, нұр боласың далаңа.
Ауызынан түскендейсің әкеңнің,
Тек жанарың ұқсапты ғой анаңа.
Жаратқанның бізге берген сыйысың,
Сағыныштың көптен күткен күйісің.
Былдырлаған тілің сенің тәп-тәтті,
Қылығыңа тоймайды ғой үй ішің.
Жолда сансыз соқпақ болды: есенмін.
Өзен – сынақ әлі талай кешем мың.
Ете алады мені шексіз бақытты,
Сенің күліп, жымиғаны шешемнің.
Шашады нұр көтеріп ап Күн туын,
Айдың аппақ сәулесіне, түн, жуын.
Жер жаһанның маржанынан ең қымбат,
Өзімнің бар баға жетпес Інжуім.
Саған кәмпит толы қалтам бар, күнім!
Мейіріммен баққа толсын әр күнің.
Жаман ағаңның алдынан шығып еркелеп,
Қайда жүрсең, аман жүрші, жарқыным!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөздерді дұға көруші едім

  • 0
  • 0

Сөздерді дұға көруші едім,
Сенім бе,
жұлдыздар ма өшетін?
Қызарып қалған гүлден

Толық

Тереземнен

  • 0
  • 0

Тереземнен –
тау көрем қалғыған,
Аспан көремін үсіген,
Жарық көрем жетпеген,

Толық

Бұлт жамылған Ай

  • 0
  • 0

Қараушы едім жанарыңа баласынып,
Өтті бәрі түс келді ғой таң асырып.
Жапырағын сұрап жатыр тіленші күз,
Жүрегімді іздеп жүрмін аласұрып.

Толық

Қарап көріңіз