Өлең, жыр, ақындар

Мамық нұр тамды суреттегі гүлге

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 35
Мамық нұр тамды суреттегі гүлге,
Жаным –
парағы былтырғы газеттің,
үстеліңде қалған қақталып күнге...
Бүгін де қарамадым күнтізбеге,
Ертең де қарамаймын...
Тәні нәзік
хаттар өсірем үстелге тізбелеп.
Аулаңдағыдай ақ мысық аламын,
Шашымды ұзартам,
Уақытты ұзартам,
Белі сықырлаған есікті жабамын...
Сені күтпейтін шығармын...
Ал кешке
әйнекте бүрлеген нұрды суғарам,
көктемді суғарам терезеде өскен...
Сағынсам жамылам салқын ауаны,
Түнде жағам аспашамның іңірін
еденде сырғыған жұмсақ табаны.
Масаң үн ұшқан радионы қосам
тыңдамасам да жалғызсыратпау ғой
бөлмені...
Сөйтсе де, көңілсіз ән тосам...
...Сені күтпейтін шығармын...
Екі кесеге шәй құям,
сәл төгем.
ыстық шәй ішем бір ғана тілекпен;
...екінші кесе суымаса екен!

...сен келмейтін шығарсың, Анесса!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қар қызы...

  • 0
  • 0

Қара аспан жұлып-ап кеудесінен
Ақ жүректі, ақ отты төкті көктен.
Суық жүрек, суық көз ызғар келді,
Жанарыңда жылу бар өтті көктем.

Толық

Біз қоштасқан күз...

  • 0
  • 0

Жыламашы жетім қайың, жесір күз,
Жек көрмеші, болдық неге, кесір біз!?
Кешір мені жапырақ қыз, қайың қыз...
Кешір мені, Ай мен жұлдыз, кешір күз!

Толық

Жүзіп бара жатқан қыз ауада

  • 0
  • 0

Жүзіп бара жатқан қыз ауада,
Білем, саған шексіздік қана жағалау...
жаныңды иіскеп тұрған саябақ.
құстар да саған құштар о бастан.

Толық

Қарап көріңіз