Өлең, жыр, ақындар

Біз қоштасқан күз...

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 56
Жыламашы жетім қайың, жесір күз,
Жек көрмеші, болдық неге, кесір біз!?
Кешір мені жапырақ қыз, қайың қыз...
Кешір мені, Ай мен жұлдыз, кешір күз!
Айдың шашын мұң тарағы тарап ал,
Ай айнадан мұң жүзімді қарап ал...
Көктем саған сыйлар еді гүл көйлек,
Күз сыйлады жапырақтан орамал...
Жалғыздыққа, ақ тұманға таң көнді,
Көзіңнен нұр, терезеңнен шам сөнді.
Жүрегімде суретің бар ескірген...
Төс – альбомым мұңға толды, шаң көмді...
Таңға таяу ораламыз жерге біз,
Іңір сайын шомыламыз шерге біз.
Ымырт түссе мені есіңе салатын,
Сәлем айтшы терезеңе пердесіз...
Күз тек бізді түсінгенде, менсінген,
Қабағыңа қайғы деген мең сіңген.
Неге, неге мұңаяды, жылайды..?
Трамвайдың терезесі сен мінген...
Самғай бер, ұш, көктем саған жақса егер!
Енді ұшқан қанатыңды жақсы игер.
Сені менен бара жатыр әкетіп,
Трамвайлар, автобустар, таксилер...

Көздің жасы толы бокал ішіле,
Кіріп шықтым жүрегіңе, ішіңе...
Сүңгіп кетсем жүрегіңнің түбіне...
Батып кетсем жанарыңның ішіне...
Тоңған сезім, кеудемдегі мұз теңіз,
Қабырғамның жапырағын үзбеңіз.
Күліп тұрып танысқанбыз көктемде,
Жылап тұрып қоштасқанбыз күзде біз...
Сүріндік біз басқан сайын жәй қадам,
Сенің ғана жүрегіңнен жай табам...
Қалса егер тағдырымыз түйісіп,
Танысайық...
Қоштасайық қайтадан...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ай төсіне, түн қойнына сақтап қойғам...

  • 0
  • 0

Ай төсіне, түн қойнына сақтап қойғам,
Жанарымнан таба алмассыз мұңымды сіз?
Адасқандар көшесінен мені көріп,
Шақырмадың...

Толық

...көріксіз шәр

  • 0
  • 0

...көріксіз шәр,
Көршім –
түн,
көңілсіз күйім...

Толық

Сары кемпір

  • 0
  • 0

Қорқып қалам ызғар шашқан кей демнен...
Дала исі аңқып жатыр жейдемнен.
Кеткім келед туған жерге, апама,
Суық шаҺар итергенде кеудемнен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар