Өлең, жыр, ақындар

Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние...

  • 14.04.2015
  • 1
  • 4
  • 19955
Ей, жастар, қалай дейсiң бұл дүние,
Мұны бүйтiп жаратқан қандай кие?
Бiлiмсiз, мақсұтсыздан шыққан болса,
Мақсұт, бiлiм, ой шығар бар ма жүйе?
Керексiз жаралған бiр тозаңы жоқ,
Тәртiбi таң қаларлық зор мәшине.
Алыстан iздемей-ақ ойласаңыз,
Көру үшiн жаралған көзiңiз де.
Cебебi толымдының iсi толық,
Ең түпкi жаратушы – мiнсiз ие.
Күш, бiлiм, шеберлiктi iс бiлгiзер,
Естi, мiнсiз шебердiң iсi емей не?
Ұлықтарша қорқытпай законменен,
Молдаларша теңемей кәпiрменен.
Егер сөзiм қонбаса көкейiңе,
Жығарлық дәлелiңдi айт ақылменен.
Дағды, күншiл, өзiмшiл, айла, мақтан
Қайрылмай дос-жарыңа, жақынменен.
Ар, нысапқа не жауап берер едiң,
Түзу iстi қисайтсаң тақылменен.
«Құдай жоқ, қиямет жоқ» десең-дағы,
Арың жолдас емес пе мақұлменен?
 



Пікірлер (4)

Жазира

Тамаша

Нұрсұлтан Назарбаев

Өмір сүргін келсе өзгер РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Оля

Қалай дейсің бұл дүние...? кім не дейді? осы сұрақ қатты мазалап жүр соңғы кездері

Пікір қалдырыңыз

Ғайсадай жан беретін таңның желі...

  • 1
  • 1

Ғайсадай жан беретiн таңның желi,
Қайғымды желге ұшырып, тiрiлт менi!
Ақылым, кәрiлiкке жабырқама,
Талпынып тағы да ақтар дүниенi.

Толық

Өлтірдің, онан таптың қандай пайда...

  • 1
  • 1


Өлтiрдiң, онан таптың қандай пайда,
Өмiр сүрiп жүрушi ем жазда сайда.
Жетiмдiк қандайлығын көзiң көрдi,
Кешегi тiрi жүрген әкең қайда?!

Толық

Ұждандыны мақтайды тамам адам...

  • 1
  • 1

Ұждандыны мақтайды тамам адам,
Мейлi ғалым болса да, мейлi надан.
Ар, нысаппен iс қылып, азап тартып,
Ақ жолында өледi бiрталай жан.

Толық

Қарап көріңіз