Өлең, жыр, ақындар

Әке насихаты

  • 19.03.2016
  • 0
  • 0
  • 5461
Әке насихаты
Әкесіне мұңын шертті баласы:
Қалжыратты өмірдің бақ таласы,
Бар ма екен күндестіктің шарасы,
Пәленшенің сұм ісіне қарашы,

Қинап барад қас жүректің жарасы,
Қойдым бәрін кетті жұмыс мазасы,
Мен де оған арамдық қып ор қазам,
Бәлкім осы болар оның жазасы...

Деді әкесі қарап жүзбен қуарған:
Жаман ойлар санамызды суарған,
Осындай торғыл ойлар торланар,
Қуған сайын жеткізбесе қу арман.

Болып тұрар жағдайлар да келеңсіз,
Болмас ғұмыр мінсіз белес белеңсіз,
Майда шүйде мәселені дерт етпей,
Көңілге алмай өткер оны елеңсіз.

Өмір жалған мойымағын ешқашан,
Армандарға асқақтаудан тыйылман,
Серпіл, сілкін, қамықпа, алға ұмтыл,
Мен сен үшін бір Аллаға сыйынам.

Отбасыңмен елің саған аманат,
Болғайсың сен әрқашанда қолғанат,
Үмітсіздік ер жігіттің ойраны,
Ер жігітке жарасады мол талап!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір жолы

  • 0
  • 0

Өмір деген тылсым жол, таусылмайтын сырлары,
Белең алар бұл жолда, сан алуан қырлары,
Өткелі көп, баршылық, құздарымен шыңдары
Аяқ бассаң аңдамай, жетерлік өмір сындары

Толық

Ешкімді ренжітпеңдер

  • 0
  • 0

Абдуллаһ бин Мубарек, әулие, ғалым, хазірет
Шәкірттерін шақырып айтты мәнді өсиет;
Ешкімді де ренжітпей тигізбеңдер қасірет,
Осы сөзді әрбірің құлағыңа тиек ет

Толық

Хикмет

  • 0
  • 0

Мал-мүлікке табынғандар өлетінін білмей ме,
Байлығының бәрін тастап қара жерге кірмей ме,
Құл ақысын жегендердің ажалдары келмей ме,
Ахиретте амалдардан Хаққа есеп бермей ме,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар