Өлең, жыр, ақындар

Елбасымен әрдайым біз біргеміз

  • 02.05.2016
  • 0
  • 1
  • 11630
Қолдамасақ Нұрсұлтандай Елбасын,
Елдігімізге біле білсек ол да сын.
Референдум алда тұрған жақсы өтіп,
Президентті Қыдыр Ата қолдасын.

Қазақ елін барша әлемге танытқан,
Айналған жөн Нұр-ағамдай алыптан.
Қоян жылын қуанышпен қарсы алдық,
Бақ бұйырып кешегі жыл-Барыстан.

ОБСЕ-ге төрағалық еткелі,
Келешекке Үміт,сенім көп тегі.
ТМД-да Нұр-ағама тең келер,
Біле білсең басшы азамат жоқ тегі.

Әл-ауқаты елдің жылда жақсарып,
Елім бүгін қадамын нық басты анық.
Елбасы елі бүгін қарыздар,
Жатқаннан соң іргелі істер атқарып.

Нұр-ағаммен қазағымды біледі ел,
Қалғыма жұрт, көшбасшың бар түрегел.
Америка, Еуропа таныды,
Алпауыт боп аузын айға білеген.

Тәуелсіздік түріп тастап түңлігін,
Елбасымен мерей асып тұр бүгін.
Пәту-әлі ісін Президенттің қолдайық,
Сақтап жүрген жүздеген ұлт бірлігін.

Басшыларға қашан-дағы бақ қарар,
Еңбегі көп әлі елге атқарар.
Мен осындай Қазақстанда туылып,
Қазақ болып жүргеніме мақтанам.

Ердің ісін сыншы халық-ел білер,
Отырыңыз қақ төрінде төрдің ең.
2020 жылға дейін ұзартып,
Өкілеттігін қолдайды жұрт мен білем.

Берік,бекем тұрған кезде іргеміз,
Елбасымен әрдайым біз біргеміз.
Қылау салмай ардақтаймыз әрқашан,
Аға салған сүрлеу, соқпақ ізге біз.

Жастар түгел, Елбасыны қолдайды,
Ел басшысыз ешқашанда болмайды.
Қазағым бұл, хан көтерген ер ұлын,
Ал елбасыны қорлаған ел оңбайды.



Пікірлер (1)

Аймурат

Өтініш "осындай жағдайда біз біргеміз"деген өлең шығарып бере аласыздар ма 4 жол болсада болады өтініш

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс күні

  • 0
  • 0

Жайқалтқан бұл жер үстін,
Келді міне жеңіс күн.
Сол жеңістің арқасы,
Басын шалдық көп істің.

Толық

Қош бол, аға

  • 0
  • 1

Елдің бәрін өзіңіздей санаған,
Жан едіңіз ақ пейілді, жаны адал.
Елу беске енді толған кезіңде,
Кімге тастап кеттің бізді, жан ағам?

Толық

Жан аға

  • 1
  • 3

Сезімімнен шық тамса,
Жүрек сырын ақтарып.
Шуақ шашқан ақ таңда,
Тұрам кейде шаттанып.

Толық

Қарап көріңіз