Өлең, жыр, ақындар

Көп еді, аға, арманыңыз

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 8824
(Нұрғиса Тілендиевке)

Өлмес ғұмыр кештің ұзын,
Әнге қосып, көш қызығын.
«Көш керуенге» сіз бастаған,
Ұрпақтарың ілесті бүгін.

Жырға қосқан өз еліңді,
Етті сізді кезең үлгі.
«Қайтқан құспен» бірге кеттің,
«Аманаттап» кезегіңді.

«Сары жайлау», сары белді,
Әуенге сап, әніңе өрдің.
Нұрғиса аға, ұлы едіңіз,
Қара қазақ - қалың елдің.

Ағаңыз да тамаша-тын,
Оған кім бар таласатын.
«Аққу» күймен аспандаттың,
Қаймана елдің тамаша атын.

Қалың қазақ арманымыз,
Ата болып толғадыңыз.
Әттең ғұмыр қысқа болды,
Көп еді алда арманыңыз.

Күйіңде елдің кеңдігі бар,
Махамбеттің өрлігі бар.
Тірлігіңде қадіріңді,
Білмегендер енді ұғынар.

Мұра сынды-мұрагерің,
Іштен шыққан бір әлемің.
Жүрегімнен орын тепті,
«Алтын дәнмен» мына менің.

Қалай тұрам,жыр ағызбай,
Айналсаңыз жыр, аңызға-ай.
Құстар қайтып келер әлі,
«Сөнбес әже» шырағындай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақтыбай ағайға

  • 0
  • 0

Ауданда басшы болғасын,
Азамат елге ол да сын.
Абыройыңыз асып әманда,
Құдайым сізді қолдасын.

Толық

Анашым

  • 0
  • 1

Анашым менің жаны асыл,
Қызыңа әркез панасың.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Бәрінен маған дарасың.

Толық

Иманым

  • 0
  • 0

Қазағымда қашанда тұнған иман,
Үмбетімін Пайғамбар иманым бар.
Бүкіл әлем мұсылманы сәжде құшып,
Бес уақыт намазға бұл жиналыңдар.

Толық

Қарап көріңіз