Өлең, жыр, ақындар

Өзгенің керегі жоқ

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3291
Махаббатта бітіспес майдан бір шың,
Тілгілеген жанымды пайдаң құрысын.
Қасіретіңнен қан жұтып қамықсам сан,
Сенен басқа оны өзге қайдан білсін?!

Жанарыңнан көрмеймін қызғанұшқын,
Бөгеті ме, әлде бұл, бізге алыстың.
Сезесің бе, бұл күнде жүрегімде,
Иттері ұлып жатқанын қызғаныштың.

Сыртым бүтін болғанмен ішім масаң.
Көргенім жоқ өзіңнен мүсінді асар.
Күндіз жүрсең ойымда, ал түндерде,
Мазалайсың,жарқыным, түсімде сен.

Түсін, мейлі, сен мені түсінбегін,
Қазандай бір қайнайды ішімде мұң.
Сені қайдам, әйтеуір мен өзіңе,
Ешқашанда көлеңке түсірмедім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегімнің төріндесің

  • 0
  • 0

Келісті ғой келбетің тартымды әрі ақ,
Дегендейін жігіттер қалсын қарап.
Түсінісер шағымыз жеткен жоқ па,
Танытып жүрсің неге салқын қабақ.

Толық

Құттықтау

  • 0
  • 2

Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңмен бүгін,
Құттықтайын сені.

Толық

Сүймесем сені егер мен

  • 0
  • 0

Тартса да тағдыр, тауқымет талай,қайғы алдан,
Құтылмай қойдым сен жайлы мың-сан ойлардан.
Сусындай алар күн бар ма, жаным, бірге біз,
Бұлақтай мөлдір махаббат атты қайнардан.

Толық

Қарап көріңіз