Өлең, жыр, ақындар

Жүрегімнің төріндесің

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3576
Келісті ғой келбетің тартымды әрі ақ,
Дегендейін жігіттер қалсын қарап.
Түсінісер шағымыз жеткен жоқ па,
Танытып жүрсің неге салқын қабақ.

Жылытпасаң жанымды жанарыңмен,
Сенсіз сүрең көрінер дала мүлдем.
Өзің барда бақытты мен ғанамы,
Ал, жоқ болсаң жабырқап қаламын мен.

Көңілсізбін бір сәт сен көрінбесең,
Өзіңмен тек мен жарқын өмір кешем.
Мәңгілікке, жарқыным, сен тұрасың,
Жүрегімнің ең биік төрінде сен.

Саған деген сыршыл сан өлеңімді ең,
Жазып талай дамылсыз келемін мен.
Жан едің ғой кезінде жанымды ұғар,
Суынып барасың сен неге мүлдем.

Қаламаймын көлдердің қуын ұшқан,
Жақсы емес қой, жарқыным, суынысқан.
Жаным менің қашанда сен деп өтер,
Ал, жүрегім махаббат туын ұстар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыр асып сырласайық

  • 0
  • 0

Санамда сұлу даусың,есте белгің,
Өзің үшін мен бар ма кешпеген мұң.
Жолыға алмай өзіңмен қан жылаған,
Өз жанымды, айтшы сен, ескерер кім?

Толық

Елден ерек сағынам

  • 0
  • 0

Сынағаның, жоқ әлде, бір амалың,
Хал жайымды неліктен сұрамадың?
Хабарласпай кетік-ау сен де, мен де,
Хабарласып тұрушы ек күнәра бір.

Толық

Келмей бір кеттің...

  • 0
  • 0

Келмей бір кеттің,
Келер деп күттім қаншама,
Күтуге әлі қуат пен шыдам, бар шама.
Елеңдеп жүрмін, келер деп жүрмін мен әлі,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер