Өлең, жыр, ақындар

Дәл мендей өзге сүйе алмас

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4443
Сөзіме, гүлім, таңданба, бүгін таңданба,
Махаббат сыр ма, бақыт па біткен маңдайға.
Ғашық боп біздер таныстық дейміз көпіріп,
Сол күннің дәмі қалмапты-ау бүгін таңдайда.

Айтылды сөздер қайталап жүрек жазбайды,
Махаббат білсең әкелмес жанға аз қайғы.
Есейген сайын есіңе түсіп жастығың,
Жүрегің тулап, кеудеңді бұза жаздайды.

Жан бар ма, айтшы, есігін бақыт қақпаған,
Аша алмай көбі жүректің кілтін таппаған.
Күнәңді кешкен сезбейсің топтың ішінде,
Түсінер бәрін жалғыз боп қалған шақта адам.

Кешігіп бәрін, бағалап жүрміз кешігіп,
Үміттің жібі ұзармай жолда кесіліп.
Дәл мендей өзге түсіне білсе жаныңды,
Түсіне алмаса ол жанның саған несі ұлық.

Күні ертең, жаным, алысқа мен де жол жүрем,
Қимаймын, қайтем, бәріне соның көндігем.
Самал боп желпіп өтейін,қалқам,келші бір,
Мен үшін мәңгі жауқазын сынды сен гүл ең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегімнің төріндесің

  • 0
  • 0

Келісті ғой келбетің тартымды әрі ақ,
Дегендейін жігіттер қалсын қарап.
Түсінісер шағымыз жеткен жоқ па,
Танытып жүрсің неге салқын қабақ.

Толық

Сезім сергелдеңі

  • 0
  • 0

Мен жүрсем санап жаныңды сенің арай шын,
Сезімді неге сағымға әкеп орайсың.
Қуанту үшін жүрсем де іздеп күн сайын,
Неліктен қабылдамайсың?

Толық

Сен ұқтырдың

  • 0
  • 0

Мен бүгін ашулымын ашынғасын,
Ойым жоқ сенен өзге басымда шын.
Мейлі, сен не десең де ... Анық бірақ,
Өзіңді құшып-сүймей басылмасым.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер