Өлең, жыр, ақындар

Тәңіріні іздеп бір мұңғыл...

  • 15.04.2015
  • 1
  • 2
  • 14209
Тәңiрiнi iздеп бiр мұңғыл
Тас суретке шоқынса,
Өлсе де, болып соған құл,
Иманын бұзбай отырса.

Атақ, пайда iздемей,
Ойында мақтан жоқ болса,
Қиянатты көздемей,
Қанағатқа тоқ болса.

Молдеке, оған таңданба,
Сол кiредi бейiске,
Екi жүздi сандалма
Сен қаласың кейiсте.

Құдайың мен дүниеге
Кезекпе-кезек шоқынсаң,
Инедей пайда тие ме
Мешiтте мың жыл отырсаң?

Кiмде болса шын мiнез,
Болмас онда екi сөз,
Өлтiрсе де көзбе-көз,
Иманын сатып, алмас бөз.

Иман да сол, дiн де сол –
Адаспайтын айқын жол,
Күнде, мейлiң, ыза бол,
Бейiске анық кiредi ол.

Мысал емес ындыным,
Әлгi мұңғыл – әулие,
Иманын сатқан жындының
Iздегенi – дүние.



Пікірлер (2)

Мұқан

.өте орынды .бəрекелді!

Пікір қалдырыңыз

Адамнан артық жәндік жаралмаған...

  • 1
  • 2

Адамнан артық жәндiк жаралмаған,
Дейдi жұрт: «Айуан жоқ иттен жаман».
Бұл туралы менде бiр бөтен ой бар,
Анық ұқсаң, айтайын, достым, саған.

Толық

Ақылдың жауабы

  • 1
  • 4

Шын ақыл,
Бiр мақұл,
Түсiрдi ой маған.
Мақсұтың,

Толық

Дін

  • 1
  • 1

Жер жүзіне қарасам,
Неше түрлі халық бар,
Дін, иманын санасам,
Мыңнан артық анық бар.

Толық

Қарап көріңіз