Өлең, жыр, ақындар

Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді де...

  • 15.04.2015
  • 1
  • 1
  • 6764
Қорқыт, Қожа Хафиз түсiме ендi де,
Осы әнiне салып келдi де,
Ол үш қайтара мұны сайратып,
Дедi: Көкейiңе ендi ме?

Бұл әнге мынау жырды сал,
Әнi мен сөзiн ұғып ал.
Ойыңмен қоштасар мезгiлiң таяу,
Жыр жазбасаң тартар ой
Күннен күнге жалқауланып баяу.

Қайран терең ойым, қартайып тоздың ба?
Ерiншек боп бұйда создың ба?
Сен барша адамнан озам деушi едiң,
Мынау кәрiлiктен оздың ба?

Осымен тоқта жығылмай,
Сыймайтын жерге тығылмай.
Естi жи, тозды ми, байқа да сақтан.
Iздегенiң болмаса атақ алмақ,
Асқандық пен мақтан.

Ойдың жауабы осы бұл сөзге қайырған:
Өлiм жоқ қой әзiр айырған.
Мен ерiншек боп әлi тозғам жоқ,
Кемiп бұрынғы өткен жайымнан.

Қартайып тозған бой денең,
Айрылман өлмей мен сенен.
Мида жоқ бұзық қан, ақылың таза,
Не себептен боласың ойды бұзып,
Күдер үзiп наза?

Ойым, бұл сөзiңе тоқталып тұра алман
Кемшiлiк бар сенде құралған.
Сен ұмытшақ боп, жалқау тартқансың,
Қайтiп құтыласың бұлардан?

Мойында тозған мiнiңдi,
Жоқтама өткен күнiндi.
Сары су миға кеп ақ тамыр жақтан,
Сала ма деп қорқамын
Аяғыңа ашылмайтын қақпан.

Өзiң жас кезiңде әр iске алаңдап,
Бiрiн мақтап, бiрiн жамандап,
Бұл ұмытшақты бойға жиғасың,
Тастап шыдамадық табандап.

Ерiншек, ескi жолдасым,
Демедiң бойда болмасын.
Сол әдет жүр әлi артыңнан қалмай,
Кәрiлiкке жабасың,
Арт жағыңа назарыңды салмай.

Бұзық адамдарды ақ жолға салуға,
Қиянатты көрге жабуға,
Мен ақыл менен ойды жұмсаушы ем,
Талай қиын iстi табуға.

Шолғыншы ойым ақылға,
Ақылым тоқтап мақұлға,
Толғанып, сынға алып, танығын тастап,
Анықталған хақиқат
Тура жолға салушы едi-ау бастап.

Қош бол, терең ойым, әлемдi шарлаған.
Қиын iске әдейi арнаған.
Бар дене сезiм таппас жұмбақтың
Толғап, талай сырын барлаған.

Ақылға әкеп сынатқан,
Дұрысын ақыл ұнатқан.
Қайран oй, қайран ми, қоштастым жылап.
Кешiкпей-ақ қалар деп
Орын қылған сауыттарың құлап.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Кейбіреу безді дейді елден мені...

  • 2
  • 1

Кейбiреу бездi дейдi елден менi,
Есалаң айтады екен сезiп ненi.
Хақиқатты танитын баста ми жоқ,
Ондайлардың сау емес анық денi.

Толық

Атадан қалған ақ сауыт

  • 1
  • 0

Атадан қалған ақ сауыт
Арамға әбден былғанды.
Басшысы жоқ сорлы елдiң
Малы мен басы ылғанды.

Толық

Дубровский әңгімесі

  • 1
  • 0

Өлшеусіз көп жасаған дүние кәрі,
Тағы талай жасамақ мұнан да әрі.
Иесінен басқаға мәлім емес,
Қанша тұрмақ, қанша жыл тұрғандары.

Толық

Қарап көріңіз