Өлең, жыр, ақындар

Бақыттың тойы басталды

  • 14.12.2016
  • 0
  • 1
  • 8674
Келеді бүгін көгімнен тағы атып күн,
Шырқайтын сәті бақ тілеп жасқа уақыттың.
Қос аққу болып жұбайлық өмір басталып,
Көтерілді туы бақыттың.

Отауға енді сәулесі бақтың жамырап,
Ақжолтай болып есіктен енді тағы бақ.
Әулеттің әнін баянды қылып шырқайтын,
Көтерілді тағы шаңырақ.

Көңіл-кеудені ізгі сезімге жайлаттық,
Той сәні қылып ортаны тағы жайнаттық.
Тағы бір ұлдың аяғына тұсау оралып,
Артында қалды бойдақтық.

Мөлдіреп бүгін тілекші көзден жас тамар,
Жұбайлық жолда сүйеніш болар асқақ ар.
Болашақ атты бақыттың баспалдақтары,
Осынау сәттен басталар.

Ақ сәуле болып шымылдық пенен перделер,
Оранды гүлге той-думан күткен бөлмелер.
Ата мен ана, көңілі хош боп қайнаға,
Сабылды бүгін жеңгелер.

Өйткені олар абысын тағы атанды,
Олар да кеше үлкеннен сыйлы бата алды.
Жымыңдай күліп ақылды тентек қайнылар,
Қорғаштап жүр-ау отауды.

Әзілдер олар құдаша жаққа астарлы,
Шараппен сыйлап базына қылған дос-жарды.
Қуанышқа бөлеп әулеттің барлық адамын,
Бақыттың тойы басталды.

Өзгеше болып келеді тағы атып күн,
Өтсінші тоймен бәрі де мынау уақыттың.
Адам ғұмырдың көңілде қалар белесі,
Үйлену тойы, үй болу тойы басы ғой енді бақыттың!



Пікірлер (1)

Аze

Оте тамаша.Соз жок

Пікір қалдырыңыз

Бөбекке тілек

  • 0
  • 19

Сеніменен атаң-әжең нәрленді,
Әр қылығың ана жүзге әр берді.
Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің
Құлағына шырылдаған ән келді.

Толық

Сынып жетекші

  • 0
  • 1

Шәкірт әр кез бағамдар,
Ұлағатын ұғып мың.
Ата-анаңдай алаңдар
Жетекшісі сыныптың.

Толық

Өмір бізге шаттық әнін жырлаттың

  • 0
  • 0

Қос бұлақ еді, бір өзенде қосылды,
Сол шаттықтан көңіліміз тасынды.
Бүгін, міне, біздің перзенттерге де
Жаңа өмірдің бақ есігі ашылды!

Толық

Қарап көріңіз