Өлең, жыр, ақындар

Мағжанға арнау

Шолпан жұлдыз жарқыраған қазағымның көгінде,
Орны тақ, құламайтын поэзияның төрінде.
Ер Түріктің арда туған ардақты ұлы Мағжаным,
Кірбең, сызат түсірмейміз сен білдірген сенімге.

Сасықкөлің-туған жерің, бас иетін қазағың,
Тоқсан үште солтүстіктен естілгенді ғажап үн.
Білмегенді сол мезетте бұл жаңғырық не екенін,
Жарқырады, бөлек туды, Мағжан дейтін ғажап күн.

Тәлім алып Ғалымжандай ұлағатты ұстаздан,
Нағыз тұлпар болып шықтың тұғырынан ерте озған.
Тағылым алып жырларынан дана, хәкім Абайдың
Тек мұзбалақ жүрер шыңға талпыныспен қол созған.

Сол талпыныс тудырғанды жалындаған жырларды-
«Түркістан» деп тебіреніп,
Қорқыт болып күніреніп,
Баян болып атой салып,
Бағындырдын қол жетпейтін асқар, асу шыңдарды.

Теріс қақпа саясаттын салқыны кеп ұрғанда,
Қанша қарсы тұрғанымен сол ордалы жыланға.
Қазағымның бойтұмарын үзіп алып мойнынан,
«Мағжан күнін» сөндірді олар аты мәжһүн Тұранға.

Мағжан күні сөнген жоқ-ты, еш уақытта сөнбеген,
Жалындаған жас ұрпағы бұған жолды бермеген.
Тоқтамаған өлгенімен елім деген жүрегі,
Елі барда Мағжан әлі сан мың ғасыр тірі еді.

Сен туралы жырлап өтем таңнан таңға асырып,
Құдіретіне табынамын жырларыңа бас ұрып.
Сен секілді алға ұмтылам арыстандай ақырып,
Сен секілді жүріп өтем, жыр қып өтем
Алаш атын бар әлемге асырып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ілияс аға

  • 0
  • 0

Ғасыр асты, өр дүние дастанына,
Ұлы алашқа нұр шуақ шашқанына.
Сені жырлап келеміз өлең арнап
Өнегелі із қалдырдың жастарыңа.

Толық

Тәуелсіздікке тарту

  • 0
  • 0

Қазағым алғыс қылып,
Мейірімі шексіз Аллаға табынуда.
Бөрілі байрақ-ту болды,
Еркіндігім жыр болды,

Толық

Ерлікке тағзым

  • 0
  • 2

Соғыс дəмін сезінбеген пендемін,
Соғыс жайлы өлеңнен ой өргенім.
Бауыржандай батыр болсын ұлдарың,
Əлиядай ұшқыр болсын мергенің.

Толық

Қарап көріңіз