Өлең, жыр, ақындар

Астана

  • 03.03.2017
  • 0
  • 6
  • 21297
Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан.

Бозоғым, бозбеткейлім, баққа оранған,
Тарихтың қойнауынан тапқан олжам.
Баянды бақытымның бастауындай,
Айналдың Астанаға аппақ арман...

Жар болып Жаббар Ие жалғыз ғана,
Ғасырға аяқ бастық ал біз жаңа.
Сұрланып сырт айналған суық көздер
Қарайды әлі саған сәл қызғана.

Көш келді Қараөткелге өр тұлғалы,
Кеңесін ерлерімнің ел тыңдады.
Тұлғасы бой көтерді Хан Кененің
Жарасып жарқ-жұрқ еткен ер-тұрманы.

Ертеңің ұлтын сүйген ұлыңа сын,
Қашанда еркіндіктің құны басым.
Керіліп кербез далам көсіледі,
Сезініп бостандықтың шұғыласын!

Сан ғасыр армандаған Алаш бабам,
Жалғанды жалт қаратты жаңа Астанам.
Бірлікті байрақ етіп болашаққа,
Барайын, уа, Жаратқан, жол аш маған!



Пікірлер (6)

Альбина

Керемет олен

Майя Джумашева

Менің ойымша бул өлеңдерді бәрі бәрі керемет. Бірақ сіздердің өлеңдеріңізге эмоция жетпей жатыр. Мысалы мен мынадай өлең шыгардым. Өз ұйымнан тыңдаңыздар. Астана менің елім менің жерім. Оған. Мен гүл сыйлайтын асқақты елім Ешқашан көркіңнен айырылма әрқашан адамдарды тарата бер деп мен өз эмоциямды қостым Осындай болмайсыздар ма вахахахахахазахахахахахахахахахахахахахаххахаахахаха

Шадияр

Ең күшті өлең

Жансая

Керемет

Еркеназ

Керемет

Айша Иляс

Керемет өлең мен бұл өлеңді сахнада айтамын. Яғни ертен. Қуанып отырмын

Пікір қалдырыңыз

Қадір түні

  • 0
  • 1

Құл болу құрмет қой, ҚҰДАЙҒА,
Фәнилік ұмытып уайымды.
Нұр шашқан нығметті бұл айда,
Бір түн бар - мың айдан қайырлы!

Толық

Жылы жаңбыр құйып тұр

  • 0
  • 0

Жылы жаңбыр құйып тұр. Құйса, құйсын!
Далам жатыр аңқытып жусан иісін.
Жалаң аяқ жүгіріп мұндай шақта,
Еркелеген анаңа бір сәбисің.

Толық

Мадақтап мінсіз Алланы

  • 0
  • 0

Жарлы жұртымның жағасы жыртық...
Жар астында ма жақсылық?
Кетіпті елдің арасын ірітіп,
Жалғанды жалмап жоқшылық...

Толық

Қарап көріңіз