Өлең, жыр, ақындар

Мұң мен зар!

Толды жасқа жас ананың орамалы,
Бұл соғыс ешкімді-дағы аямады.
Жетім-жесір қалғандар да аз емес,
Балдай балалықтан айырды балаларды.

Жас баласын қимай ғана жылап қалды,
Кім түсінеді қайғы-мұңды анадағы.
Бауыр-етін, баласын шайқасқа жіберу,
Ана үшін өліммен тең саналады.

Солдаттары жан беруге дайын-дағы,
Елі үшін шайқасып кеп жараланды.
Аяқпенен,қолынан айырылып
Қан майданда соғысуға жарамады.

Халқымыздың қаһарманы - Бауыржаны,
Дерек көп қой қолбасшы батыр жайлы.
Әскерді бастап,немістермен соғысып,
Елімізді батырымыз сақтап қалды.

Қазағымның қос жұлдызды қыздары,
Майданда Отан үшін жан салмады.
Әлия мен Мәншүктің болғанына
Көкірегін ел керіп қойып, мақтанады.

Рақымжан батырымызға халқы бас иеді,
Ұмыт қалмайды жасаған көптеп еңбектері.
Халқымыздың жадында қалады сақталып
Тайсалмастан алғаш Рейстагқа ту тіккені.

Аллам беріпті ғой бізге жеңіс,
Тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.
Тәуелсіз Қазақстан болғанымызға
Жаратқанға мың да бір шүкір дерміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз